Қаржы полициясы СҚО әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер қозғады

Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 21 мамыр күні қаржы полициясының қызметкерлері кәсіпкердің мүддесіне орай заңсыз әрекеттерге барған СҚО әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысын 10 мың доллар көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстады.

Сол күні Агенттік Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаржысын жымқыру және қызметін асыра пайдалану фактілері бойынша бірқатар қылмыстық істер қозғады.