Қаржы полициясының басшысы Күлекеев өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады деген ақпаратты жоққа шығарды

"Қаржы полициясында өзіне қарасты тергеу абақтысы жоқ, сол себепті Күлекеев ІІМ-нің тергеу абақтысында отыр. Ондағылардың айтуынша, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау оқиғасы болған жоқ", -деді бүгін өткен баспасөз мәслихатында С. Қалмырзаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев бір мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерді бір компанияның пайдасына шешу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталуда. Оны қаржы полициясының қызметкерлері 1 сәуірде ұстаған. Қазір тергеу жүргізілуде. Қаржы полициясы тергеуді аяқтап, мамырдың аяғында істі сотқа жолдамақшы.