"Алдын ала болжам бойынша күдіктілер наркодиспансердің дәрігері Айдын Жортаровтан пара алды деген айыптау бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін ақша талап еткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Күдіктілерді Жамбыл облысының ҰҚК департаментінің қызметкерлері тұтқындаған. Бірақ кейін істі қаржы полициясына тапсырған. Қазіргі сәтте Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкері ауруханада, ал наркологиялық диспансердің күзет бөлімінің бастығы үй қамауында отыр.