"Қаржыландыратын сияқты": Сазгер Айгүл Бажанова орамалдағы әншілер туралы айтты

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бұлардың бәріне не болған?

Біздің сонша жасқа келсек те біреуге ақыл айтпақ түгілі, өзімізбен күресуге шама-шарқымыз жетпей жатады. Бұларды бір жылдың ішінде психолог қылып жіберетін қандай күш деген ой келмей ма ешкімге???

Неге қарапайым әйел психолог бола қоймайды оранып?

Неге именно өте белгілі, оқырманы көп жұлдыздар???

Просто мен от Кәмшатты жақсы көретін едім.

Бекболатты да, жыршы кезінде қатты жақсы көретінмін. Не болды ал", - деп жазды сазгер.

"Танымалдылығын, подписчиктерінің көптігін ақша табуға пайдаланып жатыр. Бұларды әулие көретіндер көп" - деп жазған оқырманның пікіріне сазгер "қаржыландыратын сияқты", - деп жауап берді.