"Банк жүйесіне қатерлі жайттарды бастапқы сатысында-ақ анықтау үшін қазір агенттік кеңесшілерді тартып, өзге де қызығушылық танытқан органдармен бірлесе отырып, банк саласының қаржылық тұрақтылығының мониторингтік индикаторларының жүйесі жасалып жатыр. Ол капиталдандыру, актив сапасы, тәуекелді, табыстылықты және ликвидтілікті шоғырландыру индикаторларының тобын қамтиды", - деді Е. Бахмутова.
Ол Қаржы бақылау агенттігінің қызметі ағымдағы проблемаларды шешуге бағытталатынын атап көрсетті. Атап айтқанда, ол қаржы жүйесіндегі тәуекелді жедел анықтау үшін әрекет ету құралдары мен әдістерін жасап шығару.
"Осы мақсатта біз кейбір заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізуді қарастыратын қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері жөніндегі заң жобасын жасауды қажет санаймыз", - деп түсіндірді Е. Бахмутова.