Агенттік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілердің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру енгізілген екі айда 3,3 млрд. теңгенің сыйлықақылары жиналды. Ал міндетті сақтандырудың барлық 7 түрі бойынша жиналған сыйлықақы көлемі 2005-жылдың қаңтар-тамыз айларында 4,6 млрд. теңгені құрады.
Агенттік төрағасының орынбасары агенттік мәліметіне сілтеме жасай отырып, 1-қыркүйектегі жағдаймен жұмыс берушілердің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөнінде 36 971 сақтандыру келісіміне қол қойылғанын хабарлады. "Ал ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, республика көлемінде 169 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Демек сақтандырудың бұл түрінің әлеуеті жоғары",- деді Қанат Досмұхаметов.
1- қыркүйектегі жағдаймен, жұмыс берушілердің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі төленген жоқ. "Бірақ сақтандырушылардың хабарлауынша, осындай өтініштер түсе бастаған",- деді ол.
Ал ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы Болат Жәмішевтің пікірінше, сақтандыру компаниялары үшін сақтандырудың бұл түрі шығынды ма, жоқ па деген тұрғыда үш жылдан кейін ғана сөз қозғауға, ал аралық нәтижесін бір жылдан кейін шығаруға болады.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті