Қаржылық бақылау агенттігінде Қазақстанда ислам банкингі мен қаржысын енгізу бойынша шаралар жоспарын жасау мен мәселелерін шешу үшін ведомствоаралық топ құрылды

Ислам даму банкінің ің көмегімен Қазақстанда ислам банкингі мен қаржысын енгізу бойынша шаралар жоспарын жасау және мәселесін шешу үшін агенттікте әртүрлі министрліктер мен агенттіктердің, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлер қауыдастығының өкілдері ведомствоаралық жұмыс тобына кірді",- деді Ғ. Өзбеков.

"Біздің ойымызша, заңнамалық және кейбір нормативтік -құқықтық актілерге өзгерулер қажет", - деп түсіндірді ол. Оның үстіне қаржы мәселесі бойынша маман, Ислам даму банкінің аға заңгері Мудассир Х. Сиддик "қандай да бір түбегейлі өзгертулер керек деп ойлау адасушылық болып табылады", - деп санайды деп Ғ.Өзбеков атап өтті. "Біз өзгерту нақты қажет және қажет емес тұстарды нақты зерделейтін боламыз", - деді Ғ.Өзбеков құрылған ведомствоаралық топ қызметі жайында.

"Ең басты элемент біздің заңды тұлғаларымыз немесе секторымыз шығаруы тиіс құнды қағаздар немесе қаржы құралдары ислам қағидаларына сәйкес келетіндігін кім айтатындығында болып отыр. Сондықтан мынадай сұрақ туады: шариғат заңдарына сәйкес әрекет ететін орган қажет пе, әлде қажет емес пе? Және оған кім мүше болады?", - деді Қаржылық бақылау агенттігі төрағасының орынбасары.

"Егер біздің қаржы құралдарымыз бен құнды қағаздарымызды өзіміздің адамдарымыз ғана емес, сондай-ақ шетелде де сатылып алынғанын қаласақ, сәйкесінше тек жергілікті діни ұйымдардың мүшелері ғана емес, менің ойымша, шетел мемлекеттерінің мамандары, Ислам даму банкінің қызметкерлері де кіретін орган да болуы керек", - деп өз ойын білдірді. "Сәйкессіздіктер салық салу тұрғысынан бар екенін " айта келіп Ғ.Өзбеков "оны талқылап жатырмыз, сондықтан қазір егжей-тегжейлі, қандай сәйкессіздіктер (заңнамада - Kazakhstan Today ескерт.) бар екендігін айту қиындау",- деп атап өтті. "Алайда біз салық кодексін өзгертеміз деп айта алмаймын", - деді.

Бұрын хабарланғандай, ислам қаржыландыруы шариғат қағидаларына негізделеді. Қаржыландырудың бұл түрінің айрықша белгісі: шариғат бойынша (номиналдық, қарапайым және күрделі, белгіленген немесе жылжымалы) несиеден қандай да бір пайыз алуға рұқсат етілмейді. Несиеден табыс табу үшін қаржы институты кәсіпорын тәуекелдері мен сыйақысын толығымен бөліскен үлескер болуға немесе саудаға қатыса отырып, тауардың өзіндік құны мен сатылу бағасы арасындағы айырмашылық қаржыны иеленуші болуы керек. Шариғат заңы бойынша, белгілі бір тауарлар тізімге енгізілмейтін сауда операциялары қаржыландырылады. Сауда келісімшарттары қарапайым бизнестің де негізі болып табылатын әділеттілік қағидаларына негізделіп, қай жақтың болмасын заңсыз баюына жол бермеуге негізделуі керек.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті