Б.Жәмішевтың айтуынша, Қазақстандық банктердің шетелдерге шыға бастауы "банктердің елдік тәуекелдерге ұрыну қаупін арттыра түсті. Және мұны жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің бағасы да дәлелдеп отыр". "Агенттік осындай тәуекелді азайту үшін резидент болып табылмайтын ұйымдарға несие беруге қойылатын талапты күшейтті. Онда осындай операцияларды жүзеге асырғанда капитал қорын ұлғайту талап етіледі. Алайда бұл шара қазақстандық банктердің дамуын шектеді деген өкпе-назға душар етті",- деді агенттік төрағасы.
Капитал тапшылығы тауқыметін шешу үшін көп нәрсе тындырылды, деді Б.Жәмішев. "Бұрынғы Кеңестік республикаларда ғана емес, сонымен бірге Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде де алғаш рет банктің жеке капиталының есебіне мерзімсіз облигациялар да енгізілді. Сонымен бірге "Секьютиризациялау туралы" заңды қабылдау да банктерге баланс құрылымын оңтайландыруға қосымша мүмкіндіктер берді",- деді ол.
Алайда, Б.Жәмішевтің пікірінше, "капитал мөлшеріне қойылатын талапты төмендету де мәселенің шешімі болып табылмайды". "Банктер капиталын ұлғайту жолдарын өз бетімен іздеуге тиіс. Дәл осы тұста тауқыметтің түп тамыры қылаң береді. Ол - капитал қорын жаңа акционерледі тарту арқылы ұлғайтуға құлықсыздық. Бақылаудан айрылып қалмау үшін жан таласа жармасу басым. Өз кезегінде бұл банктердің ашықтығын арттыруға кедергі келтіруде",- деді ол.
"Бұл бағытта кейбір оңды қадамдар да жоқ емес. Мұны сыртқы нарық та мойындап отыр",- деді ол. "Дәлел ретінде еврооблигациялар шығару мен сырттан несиелер алуды атауға болады. Алайда бұл - жеткіліксіз",- деді агенттік төрағасы.
"Біз банктердің өз бизнесін сыртқы нарықта дамытуға деген талпынысын түсінеміз. Және оған отандық банктердің тұрақтылығын сақтай, ашықтығын артта отырып қолдау көрсетуге мүмкіндік бар деп санаймыз",- деді агенттік төрағасы. Б.Жәмішевтың айтуынша, ол үшін "резидент емес бас банктерге берілетін несие көлеміне қойылған шектеуді төмендету көзделген. Оны реттеуші мекемелер тарапынан еншілес банктердің іс-қызметін қадағалаумен, еншілес банктерге тиісті рыноктың ахуалы мен тәуекелдер төңірегінде көбірек хабардар болуды талап етумен түсіндіруге болады". Сонымен бірге, агенттік төрағасының пікірінше, "бұл қадам отандық банктерді резидент емес банктерге несие беруді басқа қандайбір жасырын схема қолданбай-ақ, тікелей жүзеге асыруға ынталандырады".