Мәселен, 2004-жылдың қараша-желтоқсан айларында Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түзету мекемелері үшін бейнебақылау жүйесінің 22 жинақтамасын сатып алып монтаждауға "Тендем-Астана С&C" ЖШС -нің есепшотына 217,5 млн. теңге аударған. Келісім-шарт талабы бойынша бұл жабдықтар 2004-жылдың 10-желтоқсанына дейін пайдалануға берілуі тиіс болған. Сөйтіп, 2004-жылдың желтоқсан айында бейнебақылау жүйесі қабылдап-өткеру жөніндегі акт бойынша түзету мекемелерінің балансына енгізілген. Ал іс жүзінде 2005-жылдың 9-наурызына дейін бұл жабдықтар монтаждалып, пайдалануға берілмек түгілі, Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне де жеткізілмепті.
Осымен бірдей аталмыш комитет 2004-жылы тиісті тауарлар үшін "Қазақстан инжиниринг" ҰК ААҚ-ына 146 млн. теңге аударған. Бұл жабдықтар да күні бүгінге дейін жеткізілмеген.