Қаржылық дағдарыс әлемде адамдардың өз-өзіне қол жұмсау санын арттырды

Ұлыбритания мен Гонконг зерттеушілерінің мәліметінше, қалыпты деңгейге қарағанда 2009 жылы өз-өзіне қол жұмсау 5 мыңға артық болған. Белгілі болғандай, Еуропадағы жастардың көпшілігі және АҚШ-тың орта жастағы ер азаматтары кенеттен жұмыссыз болуына байланысты өз өмірін үзу арқылы проблемадан құтыламыз дегенді ұстанған көрінеді.

Сонымен қатар өз-өзіне қол жұмсауға талпынғандардың да саны елеулі өскен көрінеді.