Қаржылық жағдайға байланысты АИБА уақытша қызметін тоқтатты

Лозаннадағы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының штаб-пәтері осы аптаның соңына дейін жабылды.



Қауіпсіздік қызметкерлері ғимаратқа кіреберісті жауып тастаған. AIBA-ның қазіргі қаржылық жағдайының қиындауы, допингке қатысты жанжалдардың жиілеуі және Риода Олимпиадасындағы қазылардың шығарған даулы шешімдері президент Чинг-Куо Вудың беделіне орасан зор нұқсан келтірді.

Халықаралық Олимпиада комитеті аталмыш мәселелер жойылғаннан соң ғана қаржыландыруды қайта қолға алатынын мәлімдеген. AIBA басшылығы жұмыстың тоқтап қалмауы үшін уақытша басқару комитетін құрды.