Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот алқа билердің қатысуымен өткен. Алқа билер күдіктіні Қылмыстық кодекстің 96-шы бабы бойынша айыпты деп танып, 13 жылға соттау туралы шешім шығарды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс.
Іс материалдарына сүйенсек, күдікті алкогольді ішімдік ішіп алып рульге отырған. Жолда келісе алмай қалған танысын қасақана қағып, оқиға болған жерде қашып кеткен.