Қасақана өрт қойғандарға қолданылатын жазаны күшейту қажет

«Біз Бас прокуратураның біреудің мүмкін қасақана өртегендерге қолданылатын жазаны күшейту туралы ұсынысын қолдаймыз. Және осындай қылмыс жасағандарды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынамыз. Сонда мұндай әрекеттер ауыр қылмыстар қатарына жатқызылып, ол бойынша міндетті түрде жедел-арнайы шаралар жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев заңның сақталуын, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес, өрт қауіпсіздігі жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында.

Ал, Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко «Австралияда мұндай қылмыс үшін 10-15 жыл, АҚШ-тың Нью-Йорк штатында 3,5 жылдан 15 жылға дейін жаза кесілетінін» алға тартты.


Ол «Қазақстанда жыл сайын қасақана өртеу фактілерінің көбейіп бара жатқанын» атап өтті.

Бұл ұсынысты Бас прокурор Асхат Дауылбаев толығымен қолдады. Сонымен қатар, өз орынбасары Иоган Меркельге «осы мәселені мәжілістің жұмыс тобының қарауына беруді» тапсырды.