Қашағандағы мұнай өндіру жұмыстары қайта тоқтады


Компания қызметкерлері ақауды жою үшін апатты аймақтағы құбырларда қысымды төмендетіп, азот арқылы ауаны тазалауға кірісіпті. Жөндеу жұмыстары бүгін басталған. Айта кетерлігі, Қашаған 11 қыркүйекте ғана қолданысқа беріліп, арада 13 күн өткен соң бірінші апат тіркелген еді. Бүгін дәл сондай себеппен өндіріс осымен екінші рет өз жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатып отыр.