Қашағандағы оқиғаға қатысты келіссөздер бүгін де жалғасады - Ерғожин

"Келіссөздер әлі де жүргізіліп жатыр, ол аяқталған жоқ, меніңше, біздің уақытымыз бар", - деді Д. Ерғожин.

Оның нақтылауынша, келіссөздерге қатысушы топтар - консорциум акционерлерінің өкілдері "қазір Астанада жүр".

"Сан алуан мәселелер талқылануда. Олардың бәрі де Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімге қол қойған кезде күтілгеніндей, республиканы тұрақты кіріспен қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгін түнгі сағат 12-ге дейін олар шешім қабылдауға тиіс", - деді Д. Ерғожин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті