"Әзірге ешқандай жұмыс тоқтатылған жоқ",- деді Д. Тұрғанов.
"Жұмыс тек белгілі бір шешімге келген кезде ғана тоқтатылуы мүмкін немесе одан әрі жалғастырылады",- деп қосты ол. Сонымен қатар вице-министр, жұмысты тоқтату туралы сөз болып жатпағандығын, атап көрсетті. "Сөз операторды ауыстыру туралы болып отыр. Ол өздеріңізге белгілі ғой, жазып та жатырсыздар",- деді ол журналистерге қарап сөйлеген сөзінде.
"Уақытша тоқтату - бұл жұмысты мүлдем тоқтыту деген сөз емес",- деп атап өтті Д. Тұрғанов. Министрдің пайымдауынша, келіссөздер қорытындысы бойынша жұмысты тоқтата тұру туралы мәселе қозғалса, онда "бұл операторды ауыстыру туралы мәселе болуы мүмкін". "Сіздер жұмысты тоқтату мүмкін емес екендігін түсінесіздер ғой. Жоба жұмыс істеуге тиіс",- деп атап көрсетті ол.
"Егер қазір (келіссөздер қорытындысы бойынша - агенттік ескертп.) бір келісімге келмесе (тараптар - агенттік ескертп.), онда операторды ауыстыру туралы мәселе туындайды",- деп қорытындылады Д. Тұрғанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті