"Қашағандағы жұмыстар біржола тоқтатылуы мүмкін. Қазір біз аудиттік тексеру жүргізіп жатырмыз. Оператор экологиялық заңнама талаптарын сақтамай отыр деген болжам жасауға толық негіз бар", - деді министр.
"Бұл туралы біз Бас прокуратураны хабарландырдық, бұнымен шектелмей, бұған дейін өзіне жүктеп алған міндеттемелерін орындамауын ескере отырып біз заң бойынша рұқсатты кері шақырып алуға тиіспіз, өйткені, рұқсатты одан әрі күшінде қалдыру экологияға қайтарымсыз шығын әкеледі",- деді Н.Ысқақов.
Оның хабарлауынша, сондай-ақ, "тиісті материалдар бүгін жұмысты тоқтату жөнінде шешім қабылдайтын уәкілетті орган ретінде ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне жолданды".
Өз кезегінде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов "Қашағанда өнім өндіру мерзімінің кейінге шегерілу қаупіне байланысты Ұлттық қорға түсетін қаржы көлемі әжептеуір азаю мүмкіндігі бар" екенін жеткізді. Осыған байланысты республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне "бүгіннн қалдырмай мән-жайды анықтап, Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қолднуды" тапсырды.