Қалғанын неміс пен жапониялық компаниялардан алмақ. Бірақ оның өзі 3 айдан соң жеткізілмек. Теңіз астындағы жарылған құбырдың ұзындығы 200 шақырымға созылатынын ескерсек, негізгі жұмыс көктемге таяу басталмақшы. Былтыр қыркүйекте мұнай өндіру өндіру тоқтаған соң,Қазақстан биыл жарты пайыз ішкі өнімнің өсімінен қағылды. Бұл шамамен 2 миллиард доллар. Ал Энергетика министрлігінің мәліметінше,Қашағандағы осы апатты қалыпқа келтіру 3 миллиард долларға бағаланып отыр. Ал жоспар өзгеріп кетпесе, «қара алтын» өндіру 2017 жылдың басында қайта жандануы тиіс.