Қашағаннан алғашқы мұнай партиясы экспортқа жіберілді

Сонымен қатар «ҚазТрансОйл» АҚ құбырлық жүйесіне 18 800 тонна экспортқа шығарылатын мұнайдың партиясы жөнелтілді, ал «Интергаз Центральная Азия» АҚ магистральді жүйесіне 22,8 млн текше метр тауарлық газ берілді.

2016 жылдың 28 қыркүйегінде Солтүстік Каспий консорциумы теңіздегі және жер үсті кешеніндегі жабдықтарды тестілеу және іске қосу-баптау жұмыстарына кірісті.

«А» аралының бірнеше ұңғымалары ашылды. Теңіз кешені жабдығының жұмысын тұрақтандырған соң, мұнай және газ «Болашақ» зауытына келіп түсті.

Қазіргі уақытта теңіздегі және жер үсті кешеніндегі жабдықтарды іске қосу-баптау, бақылау-өлшеу аспаптарын және технологиялық процестерді басқарудың автоматты жүйелерін тестілеу жалғастырылуда. Тұрақты жұмыс режиміне шығу біршама уақытты қажет етеді.