Қашағаннан қара алтынның алғашқы баррелі өндірілді


Қойнауында жобамен 35 миллиард баррель мұнай жатыр. Көптен күткен Қашағандағы мұнай өндірісі – Қазақстанды әлемдік энергоресурс нарығындағы салмақты ойыншыға айналдырады деген үміт бар.  Қазақ жеріндегі қазыналы жобаға Италия, АҚШ, Франция мен Жапонияның онға жуық алпауыт компаниясы қатысуда. Ал қазба байлықтың 16 пайызы «Қазмұнайгазға» тиесілі. Жалпы, Қашағандағы коммерциялық мұнай өндірісі 8 жыл бұрын басталу керек еді. Алайда осы уақытқа дейін кейінге  шегеріліп, ақыры жобаның жалпы құны бірнеше есеге өскен. Сондықтан алғашқы баррельдер кен орынын зерттеу, барлау жұмыстарына кеткен шығынды жабуға жұмсалуы мүмкін.