Көпшілік оның марқұм күйеуінің қайтыс болғанын әрі өзінің жас екенін айтып, жаңа өмір құруға кеңес берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Актриса желіде белгісіз ер адамның суға түскен суретін салған. Алайда қалың көпшілік оны жөнді түсінбеген сыңайлы. Олар: «Жаңа сүйіктіңіз бе? Қашанға дейін жесір боласыз? Дұрыс, әлі тым жассыз, бақытты болыңыздар!», «Сіз үшін қуаныштымыз», «Қыздарға жақсы әке керек» деп жазуда.
Алайда актрисаның сөзінше оның өмірінде әлі ешкім жоқ. Ол әдемі сурет үшін, белгісіз адамды суретке түсіріп, желіге жүктеген.
«Достар, дұрыс түсінбеңіздер, сіздер ойлағандай адам емес, бәрі уақытымен» деп жазды ол.