Қашқан контрабандашыларды шекарашылар аспанға 4 рет оқ атып қана тоқтата алды

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Контрабандалық іске қатысы бар азаматтар дала жолында орналасқан шекара қақпасынан 500 метр жерде ұсталды. Олар бақылау бекетінен тыс жердегі қоршауды бұзып, осылайша мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған.

Көршілес мемлекеттің нөмірімен келе жатқан екі бірдей «Камаз» жүк көлігін байқаған шекара наряды тоқтауды талап еткенмен, олар мойын бұрмастан қаша жөнелген. Көлікті тоқтату мақсатында шекара нарядының аспанға 4 рет оқ атуына тура келді, осыдан кейін ғана контрабандашылар амалсыздан тоқтады.


Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Жүк тиелген автокөліктер «Кеңес» заставасына қойылды, заң бұзушыларға алдын ала ҚР ҚК 330-бабының 2-тармағы және 209-бабының 2-тармағы бойынша айып тағылуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.