Желіде дәрігерлердің қансырап жатқан науқаспен бірген суретке түскен дәрігерлердің суреті жарияланды. Бұл желі қолданушыларының ызасын келтірді, деп жазды Stan.kz.
Акушер-гинеколог Балқия Қосаева (bahia_kuatbaevna) ота жасайтын залда түскен суретін Инстаграм желісіне жариялаған. Ол Қаскелеңде дәрігерлердің ота жасап болғанын жазған.
Бұл көрініс желі қолданушылар арасында қызу талықланды. Олар мұндай әрекетті дәрігерлердің мәдениетсізігіне балады.
«Науқас наркоз алып ессіз жатыр. Егер ол бұл суретті көрген көрсе, қандай күйде болады?», – деп жазады _alsuwka_.
«Қабықшалардың бәрі сыртында жатыр. Айналасы қан. Адам көргісіз. Суреттен ешқандай кәсібилікті көріп тұрғам жоқ», – деп жазады бір қолданушы.
Енді бірі «Бұл суретті ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберу керек. Ресейде дәрігерлерді осындай әрекеті үшін соттаған», – депті.
Суретті «Астананың мейірімділер клубы» жобасын құрушы Гүлмира Әбдірашева да сынға алды.
«Гиппократ анты - дәрігерлердің моральдық-этикалық талап-тәртібі үшін уәде етуі. Антты дәрігер болғысы келген барлық дәрігер қабылдайды. Желіде мұндай суреттер көптеп кездеседі. Бұл сонда жаңа флешмоб па? Науқас ессіз күйде жатқанда онымен бірге суретке түсу сәнге айналған ба? Мен мұндай дәрігерлердің қарауына түсуді қаламас едім», – деп жазады ол.