Қаскөйдің қолынан мерт болған судья Алматыда жерленді


Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша коллегия төрайымы Жанна Бердіғұлова бірнеше күн бұрын өз пәтерінде өлтірілген. Әріптестері бұдан бұрын хабарлағандай, әйел адам туған қаласы Алматыға судья болып ауысуға құжат тапсырған екен.

Полиция мәліметінше, судьяны жуынатын бөлмеде тұншықтырып өлтірген. Жедел іздеу шаралары нәтижесінде сол күні полицейлер Көкшетауда тұратын күдіктіні ұстады. Ол 1984 жылы туған, бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Әріптестері Жанна Бердіғұлованың өз ісінің нағыз маманы болғандығын атап өтті.