Қаскөйлер оқушы қызды зорлаған сәтін таспаға түсіріп, порно сайттарға сатпақ болған


Басты күдікті 21 жастағы Сергей Наумцев пен көңілдесі Виктория бұған дейін де порно сайттарға клип сатқан көрінеді. Оқушыны әлеуметтік желі арқылы қалай арбағандары да анықталды. Виктория Савич өзін он алты жастамын деп таныстырыпты. Тіпті үйде жалғыз қалғандықтан қызға қорқып отырмын деп жалынған. Қарсылық көрсетпес үшін қылмыскерлер Гүлдираның тырнағына дейін қиып алып тастаған. Сондай-ақ қамаудағы Виктория Савичтің қызғаныштан өлтірдім дегені өтірік екен. Белгілі болғаны күдіктілердің бірі Сергей Наумцев әкесімен Ресейден көшіп келіпті. Жаздан бері көңілдесі екеуі пәтер жалдап бірге тұра бастаған.