Қаскөйлер тастай қашқан бір отар қойды шекарашылар бағып жүр


Қаскөйлердің қойды қуғаны сонша, шекараның сым темірлі қоршауын бұзып өткен. Ал иесіз қалған бір отар қойды «Сарыағаш» отрядына қарасты «Тамды» заставасының шекарашылары кезекпен бағып жүр. Әзірше, ұсақ жандықтың иесі табылған жоқ. Оның ұрланған болуы да әбден мүмкін. Төрт түліктің нақты қожайыны ақыры табылмаса, бір отар қой Қазақстан еншісіне өтеді.