Қасымов сотталғандарға электронды білезік тағу үшін ақша сұрады

Электронды білезік шартты түрде сотталып, үйқамаққа алынғандарға тағылады. Әрі олардың жүріс-тұрысын сырттай бақылап отыру үшін ішкі істер бөлімшелерінде экрандар орнатылмақ. Бұл шетелдерден алынған тәжірибе. Десе де, әзірленіп жатқан бағдарлама 2017 жылға қарай дайын болады екен. Егер мақұлданып жатса, 2018-де сотталғандар жаппай білезік тағады. Ішкі Істер министрлігі бұл арқылы лық толған түрмелерді босатуды көздеп отыр.

Loading...