Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Білімі жоғары, 1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде "заңгер" мамандығын тәмамдаған. Полиция генерал-полковнигі.  

1979 жылы - тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Алматы облысы ішкі істер басқармасының Іле аудандық ІІБ басшысының орынбасары.

1988 жылы - Алматы облысы ІІБ қоғамдық тәртіп күзеті бөлімінің басшысы. 

1989 жылдан - Алматы облыстық ІІБ Қапшағай ішкі істер бөлімінің басшысы. 

1992 жылдан - Криминалдық милиция басқармасының басшысы, Алматы облыстық ІІБ басшысының орынбасары. 

1997 жылы наурыз-шілде - ІІМ криминалдық полиция департаментінің басшысы.  

1997-2003 жылдары - Алматы қалалық Бас ішкі істер басқармасының басшысы. 


2003-2005 жылдары - Бас ішкі істер басқармасының, Алматы облысы ішкі істер департаментің басшысы. 

2005-2009 жылдары - бірінші вице-министр, ҚР ішкі істер вице-министрі.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшысы. Министр қызметіне 2011 жылы сәуірде келді. 

2011 жылы 14 желтоқсанда оған полиция генерал-лейтенанты шені берілді, ал 2015 жылы мамырда полиция генерал-полковнигі берілді.