Қасымовтан ата-анасын қайтаруды сұраған оқушының хаты көпшіліктің жүрегін ауыртты

Видеоны Қазақ Ұлы Керей деген атпен желі қолданушыларының бірі жүктеген деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Ата-анасынан ажырап, Алматыда жалғыз қалған Мейіргүл өзі жазған хатында былай депті:

«Қалмұханбет Қасымов атаға өтініш! Менің атым Мейіргүл. Жасым 9-да. Алматы қаласындағы №93 мектептің 3 «ә» сыныбында оқимын. Қытайдан Алматыға көшіп келгенбіз. Мені әке-шешем қазақ болсын деп Қазақстанға көшіп келген. Ата-анамның визасы бітіп кетті. Сондықтан оларды Қытайға қайтарып жіберді.Олар 5 жыл келе алмайды. Қалмұханбет ата, Сізге өтініш! Менің әке-шешемді қайтадан Қазақстанға қайтаруыңызды сұраймын.Сіздің де мен сияқты немереңіз бар шығар. Мен оларды сағындым. Алматыда жалғыз қалдым.»,- депті Министрге қарата айтылған өтініште.

Мейіргүлдің ата-анасы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін кері қайтарылған көрінеді.