Қасым-Жомарт Тоқаев Физули қаласына барды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне с3лтеме жасап хабарлайды.

Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады.

Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді.