Caravan Logo

Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірін Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірін Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады, - деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы. 

"@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Loading...

Айта кетейік, Катарда өткен футболдан әлем кубогі мәресіне жетті.Финалдық кездесуде Аргентина құрамасы пенальтиден Франциядан басым түсіп, жеңіске жетті.