Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
Берік Уәлидің сөзінше, халық тарапынан және БАҚ бетінде "Қалаулым", "Қалауым сен" бағдарламасына қатысты түрлі сыни пікірлер жазылып жатқанын атап өтті. Мұны бағдарламаның халықтың болмысына, менталитенінің кері әсер етуіне байланыстырды.
"Халық қол жинап, бағдарламаның жабылуын талап етті. Баспасөз бетінде де сын жазушылар көп", - деді Берік Уәли.
Айтуынша, ел президенті аталған бағдарламаларға қатысты халықтың көзқарасын жақсы біледі.
"Сондықтан көпшіліктің пікірін де ескере отыра және арнаның саясатына нұқсан келтірметіндей шара қабылданады", - деді баспасөз хатшысы.