"Қара теңіздің үстінде болған әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы оқиға!" деп жазды Тоқаев Твиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, Ресей қорғаныс министрлігінің Сирияға бара жатқан ұшағы өткен жексенбіде апатқа ұшыраған еді. Министрліктің мәліметі бойынша, оның бортында 92 адам болған. Олардың 8-і - экипаж мүшелері. Ал 84 жолаушының арасында 8 әскери, Александров атындағы ансамбльдің 64 әртісі, ресейлік телеарналардың 9 өкілі, "Справедливая помощь" қайырымдылық қорының басшысы Елизавета Глинка (Доктор Лиза деген атпен танымал) және 2 мемлекеттік қызметкер болған.