Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру учаскесіне сағат 8.48-де келді.

Сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Мұқанованың айтуынша, аталған учаскеде 2627 адам тіркелген. Дәл қазіргі уақытта 200-ден астам сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевті 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.


Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты.