Тоқаевты Қазақстан Президенті ұсынды. Бұл туралы Сенаттың пленарлық отырысы барысында айтты.
Жабық дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Тоқаев Парламент Сенатының депутаты болып қайта сайланған еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2013 жылдың 16 қазанынан бастап Сенат төрағасы қызметін атқарған еді. Премьер-министр, сыртқы істер министрі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімінің бас директоры қызметтерінде болған.