Қасым-Жомарт Тоқаев суретін шатыстырған ресейлік тілшілерге жауап берді


Тілшілер «қымбат көлік мінген, дәрігерлерді сабаған бұзақы осы» деп Тоқаевтың суретін күні кеше ғана миллиондаған көрерменге көрсеткен болатын. Шын мәнісінде, төбелес шығарған Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Жомарт Кәменов деген кәсіпкер екен. Ал журналистер Кәменовтың орнына Тоқаевтің суретін эфирден беріп жіберген. «Шара қолданбайсыз ба?» деп сұраған әлеуметтік желідегі жұртқа Тоқаев «Телеарнада менің суретімнің шығып кетуі журналистің ұқыпсыздығынан болған, бұл жерде ешқандай арам ой жоқ» деп қысқа қайырды.