Қатаң тәртіптегі колонияға үш келі марихуана өткізбек болған - Павлодар облысы

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстық департаментінің бөлім бастығы Борис Гаврилюктің айтуынша, 3 келіге жуық марихуана салған көлік колония аумағына кіреберісте қолға түсті.

«Көліктегі ер адам есірткіні колония аумағына лақтырып жібермек болған немесе шай деп өткізгісі келген», - деді Б.Гаврилюк.
Колония қызметкерлері қолға түскен 33 жастағы азаматты полицияға тапсырды.