Ол 44 жастағы испаниялық мейірбике - Тереза Ромеро. Келіншек безгекті Мадрид ауруханасында қарауында болған екі науқастан жұқтырыпты. Десе де ғалымдар Терезаны әлі де біраз уақытқа бақылауларында ұстамақ. Себебі келіншек ағзасына қайта тексеру жүргізілуі тиіс. Соңғы қорытынды Тереза Ромероның дерттен толық айыққанын көрсетіп отыр. Әзірген эболаға қарсы қандай емнің қолданылғаны айтылмауда. Испания ауруханасында әлі осы дертті жұқтырған 15 науқас жатыр. Айта кетсек, Африка құрылығынан дендеген эбола бүгінде 5 мыңға жуық адамның өмірін жалмаған.