Қатерлік ісікке шалдыққан генерал Майкеев бостандыққа шықты

Заң бойынша адам қандай қылмыс жасаса да қатерлі дертке душар болған жағдайда бостандыққа жіберіледі. Ал, экс-генералға тергеу кезінде-ақ операция жасалған еді. Содан беті бері қарамапты. Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Бағдат Майкеевті былтыр ақпанда, Астанада өзі тұратын үйдің ауласында 2 миллион доллар пара алып жатқан жерінде ұстаған болатын. Шенеунік бұл ақшаға таныс кәсіпкерге тендер ұтып берген екен. Сөйтіп, Майкеев «ірі көлемде пара алды», «заңсыз қару сақтады» деген айыппен 6 жылға темір торға тоғытылған. Енді жазасын тура бір жыл өтеген экс-генерал денсаулығының нашарлауына байланысты босап шықты.

Loading...