Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбырлы, салқын ауа райы найзағаймен және екпінді желмен сақталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын болады, 5 қыркүйекте қатты жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта 2-10 жылы, күндіз 10-20 градусқа дейін көтерілуі күтілуде", - делінген Казгидромет жариялаған хабарламада.