Қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді. Алдағы үш күннің ауа-райы болжамы

Синоптиктер 13-15 мамырға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен 13 мамырда еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады.

14 мамырдан бастап республикамыздың көп бөлігінде Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын күрт тыйылады, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жауын-шашынды ауа-райы сақталады.

15 мамырда республикамыздың солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнде топырақ бетінде жұқа мұз қатады, 1 градусқа дейін аяз күтіледі.


Республикамыздың кей аймақтарында желдің күшеюі, найзағайдың жарқылдауы, бұршақ түсуі мүмкін, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.