Қатты жел салдарынан Алматы облысындағы бірқатар кенттерде ғимараттардың шатырлары бүлінді, шығын көлемі 17,2 млн теңгені құрады

ТЖМ мәліметінше, "Алматы облысында 15 шілдеде сағат 23.00-де Еңбекшіқазақ ауданының аумағында жылдамдығы 20 м/с жеткен қатты жел салдарынан мынадай ауылдарда ғимараттардың шатыры зақымданды : Нұрлы ауылындағы орта мектеп - 500 шаршы метр; Ғайрат, орта мектеп - 600 шаршы метр; Ассаға, орта мектеп - 150 шаршы метр; Қызыл шорын, орта мектеп - 300 шаршы метр; Қаракемер , мәдени-тұрмыстық ғимарат - 300 шаршы метр; мәдени-тұрмыстық ғимарат - 120 шаршы метр; Шелек, 6 орта мектеп - жалпы аумағы 735 шаршы метр; АТС ғимараты - 85 шаршы метр; сондай-ақ, кейбір ғимараттарда терезе әйнектері сынды.