«Қатты жүдеген»: Мүгедектер арбасына таңылған Жүрсін Ерман елді алаңдатып қойды

Десе де көпшілік, оның мүгедектер арбасына таңылғанына алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Caravan.kz.

Естеріңізде болса, ақын әрі айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман соңғы бірнеше жылын денсаулығына арнап, тіпті шетелде ем қабылдаған еді. Бүгінде ауыр оталарды басынан өткізіп, әдетте айтысты ұйымдастырып жүрген еңселі тұлғаның жүдеген кейпі көпшіліктің көңілін түсірген.

Ақындар айтысында қонақтар қатарында көрермен болып отырған ақынның осыған дейінгі айтыс өнеріне сіңірген еңбегі ескеріліп, сөз берілген сәтте ол көзіне жас алған.



Жүрсін Ерманның жүдеңкі, небәрі бір жылда арықтап арбада отырғанын көргендер де көздеріне жас алған. Көпшілік оған денсаулық тілеп, рухани, психологиялық қолдау көрсетуге тырысып жатқандарын жазған.