Оны жүрегі әлсіз адамдар көрмегені дұрыс. Анасы ма, күтушісі ме, белгісіз, әйел диванда жылап жатқан нәрестені шапалақпен ұрғыштап, жансыз қуыршақты ұрып отырғандай әсер қалдырды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл жантүршіктірерлік видеоны Фариза есімді Инстаграм пайдаланушысы жүктепті.
«Жүйкесі жұқалар қарамасын! Бұл жантүршіктірерлік видео қолымызға жақында ғана түсті. Мына жауыз ана танысымыздың көршісі, 8 жасар қыз анасы жұмыста болғанда мына видеоны түсіріп алған. Оны (нәрестені ұрған әйелді – агент) іздеп табуға тырысып едік, бірақ ол көшіп кеткен екен, оның қазір қайда тұрып жатқанын ешкім білмейді. Баланың тағдырына алаңдаймыз. Оның оралман екенін білеміз. Сондай-ақ ол жүкті екен, сегіз айлық. Оның аты-жөні Құрманбаева Айгүл Қожабайқызы. Қыздың есімі Айару. Мына періштенің өміріне бейжай болмасаңыздар, оны табуға көмектесулеріңізді сұраймыз. Өтініш, көбірек репост жасаңыздаршы», - деп жазған видеоны желіге жүктеген Фариза.
Естеріңізге болса, бұған дейін Павлодарда күйеуінен өшін алу үшін қызын сабап, осы сәтті видеоға түсіріп алған Нұргүл Дакуова есімді келіншек біраз шуға қалған болатын. Оқиға қоғамдық резонанс тудырып, қатыгез ананың үстінен іс қозғалды. Қазір тергеу аяқталғанға дейін төрт жасар қызы әкесінің тәрбиесіне берілді.
Loading...