Ол жігіттер қауымына денсаулыққа мән беру шақырды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Еркектердің көбінің арманы - жас қыз алу. Үйленген жарымыз қартаймаса дейміз. Жас әйелді аламыз. Бірақ, өзіміздің денсаулығымыз соған сай ма? Сіз телефон алдыңыз. Қолданыста жүргеннен кейін аккумуляторы 90 пайызға, 80 пайызға, 70 пайызға түсе береді. "Мынаның қуаты шыдамайды. Отырып қала береді" дейміз. Ал, ер адамның денсаулығы сол телефонның қуаты сияқты азая берсе, ертең сізді басқа телефонға айырбастайтынынан қорықпайсыз ба? Қатыны қанбағанның қадірі жоқ", - дейді маман.
Сондай-ақ, балаға жыныстық қатынастың жолдарын, мәдениетін үйрету маңызды екенін айтады.
"Секссіз өмір сергелдең көңіл. Көшенің өзінде мүшеқап туралы жарнамалар ілініп тұрады. Бала телефоннан ашып көреді. Баяғыда кеңес кезінде "секс жоқ" деп өсірді. Балаға жыныстық тәрбие беру керек. Сіз үйретпеген затты бала телефоннан үйреніп жатыр. Жас балалардың көбі боди массаж, жезөкшелерге құмар. Барады. Ауру жұқтырады", - дейді.
Loading...