Қауіпсіздік ережесін сақтамаған режимдік нысанның жұмысы тоқтатылды

Әскери снарядтарды жоюы тиіс мамандардың өзі ережеден мүлдем хабарсыз. 147 адам жұмыс істейтін мекеменің қызметкерлері арнайы нұсқамадан өтпеген, яғни білімі тексерілмеген, тіпті аттестациядан да сүрініпті. Бұған қоса, жұмысшылар дер кезінде жалақыларын алмаған, әрі жыл сайынғы демалыс дегенді мүлде білмейтін болып шықты. Арыс маңындағы осы іспеттес «Қазақарсенал» мекемесінде бірнеше жыл бұрын әскери снарядтарды залалсыздандыру кезінде жарылыс болып, 4 адам қаза тапқан болатын. Қадам сайын қауіп тудырған мекеменің жұмысын еңбек инспекторлары бұл жолы түбегейлі тоқтатып тастады.


Бастар Есқараев, ОҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасының жетекшісі:

- Осы заңбұзушылықтар болғанша мекеме жұмысы тоқтап тұрады. Ал енді тексеру барысында анықталғаны жоғары аталған заңбұзушылықтардан басқа 30 шақты мынау тексеру құралдары болған. Олар мемлекеттік бақылаудан өтпеген. Мұның өзіде қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.