Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселесі талқыланады

Қауіпсіздік кеңесі жанындағы сарапшылар кеңесі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сарапшылар кеңесі мүшелері Орталық Азиядағы эпидемиологиялық ахуалды ортаға салды. Отырысқа мемлекеттік органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің басшылары, сондай-ақ, салалық ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары қатысты.

Сарапшылар Орталық Азия аймағында санитарлық-эпидемиологиялық қауіптің күшеюіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Жаңа жұқпалы аурулардың өршуі халық денсаулығы мен Қазақстанның экономикалық тұрақтылығына қатер төндіретіні айтылды. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау шаралары мен аталған саладағы халықаралық ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Мәселе Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында ортаға салынбақ.