Қауіпсіздік кеңесінің мекемеаралық комиссиясының отырысында еліміздің қорғаныс әлеуетін жетілдіру мәселелері талқыланды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз сөзінде Д.Ахметов Қазақстанда біртұтас мемлекеттік әскери-техникалық саясатты қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды үйлестірудің маңызына назар аударды. "Бұл саясатты жүзеге асыру үшін жыл сайын республика үкіметі қабылдайтын мемлекеттік тапсырыс қажет",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Қорғаныс мекемесінің хабарлауынша, комиссияның отырысы барысында қабылданған шешімдер еліміздің қорғаныс әлеуетін одан әрі жетілдіруге түрткі болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті