Қауіпті ойыншықтар өртелді


 

Мың данадан асатын әртүрлі ойыншықтың бүгін біржола көзі жойылды. Олардың барлығы қала базарларынан тәркіленген. Қытайдан әкелінетін дүниелердің ішінде дені дұрысы жоқ дейді мамандар. Оларды тіпті шекарадан қалай өткізетіні де белгісіз. Тексеру барысында ойыншықтардың құрамынан жүйке жүйесіне кері әсер ететін қауіпті химикаттар табылған. Сапасыз тауарды саудалаған кәсіпкерлерге айыппұл да салыныпты.