Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Көрші Ресейден келген қауіпті ойындар негізінен «Вконтакте» және «Инстаграм» әлеуметтік желесінде кеңінен таралған. Онда қаскөйлер негізінен 9 бен 13 жас аралығындағы ұл-қыздарды таңдап алады екен. Сөйтіп, олардың әлеуметтік парақшасына жазылып, 50 тапсырманы орындауға мәжбүрлейді. Бас тартып жатса, мекен-жайын білетінін айтып, жақындарын өлтіреміз деп қорқытқан. Бұған алданған жасөспірімдер тамырына дейін кесіп, суретін ғаламторға салып жатыр. Соңғы тапсырма тіпті өзіне қол салу болғандықтан, көрші Ресейде 17 ұл-қыз суицид жасаған екен. Ал, елімізде мұндай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін полицейлер ата-аналарға да балаларына бақылауды күшейтуге кеңес беріп отыр.
Еске салсақ, кеше жасөспірімдерді өзіне өзі қол жұмсауға итермелейтін қауіпті ойындар туралы хабарлағанбыз.